|
05.08.2019 | 09:06
7816

Алматы қаласы Жетісу ауданында «Isker Ana» бағдарламасы іске қосылды

Орталық отбасы барлық мүшелерін бизнеске баулып, қаражатты үнемдеу мен табыс табуды үйретеді

Алматы қаласы Жетісу ауданында «Isker Ana» бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

«ISKER ANA» бағдарламасының мақсаты әйелдер кәсібін дамыту болып табылады. Орталық стартап ұсына отырып, сапалы курстар мен бизнес кейстер дайындайды. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасы мүшелерін бизнеске баулып, қаражатты үнемдеу мен табыс табуды үйретеді.

Курс барысында әйелдерге IT саласында маркетология, тігін курстары, қолөнер, сұлулық саласындағы қызметтер, аспаздық іс, қолөнер (кәдесыйлар, костюмдер, көрпе және т. б.), тіпті, құрылыс саласы бойынша бизнес жоспар әзірлеуді оқытады.

Бүгінде ауданда «Бақытты отбасы» арқылы кәсіптік курстарға 136 көпбалалы ана тіркелді. Курсты бітіргеннен кейін аналар өз кәсібін ашып, әрі қарай алып кетеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир