2011 жылдан бастап бұл күн халықаралық адамның алғаш ғарышқа ұшқан күні деп аталып жүр
Еліміз ғарыштық технологиясы бар 30 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
1961 жылдың 12 сәуірінде Қазақ жерінен әуе кеңістігіне аттанған «Восток» кемесі 302 шақырым биіктікте жерді бір рет айналып, 108 минуттық сапар жасады. Осы күннен бастап ғылыми-техникалық революция жаңа серпін алды. Зерттеуін пленатадан тысқары жүргізіп, жердегі шаруасын жерсерікпен атқарып отырған жалпы 50-ге жуық ел бар десек, бір Қазақстанның өзі ғарышқа 6 жерсерік ұшырған. Осылайша, біздің ел ғарыштық технологиясы бар 30 елдің, ал жоғары технологиясы бар ондықтың қатарына еніп отыр.
«Батыстағы біздің әріптестеріміз озық индустриалды-ғарыштық компаниялардың сарапшыларының айтуынша, Қазақстан 7,5 заманауи инфрақұрылым құрып, ғылыми-технологиялық, жобалау орталығын ашып, ғарыш саласында жетістікке жетті», – деді Аэроғарыш комитеті төрағасының кеңесшісі Мейірбек Молдабеков.
Иә, қазіргі Қазақстанның ғарыш ғылымын халықаралық қауымдастық әлдеқашан мойындаған. Инженерлік, ғылыми, әрі техникалық бағытта асқан білімділік мен тәжірибені қажет ететін бұл салаға қызығатындардың да қатары аз емес. Олар күніне 4 сағат жаттығады.
«Ғарышкер болу үлкен еңбекті, жауапкершілік пен білімді қажет етеді. Қазір ұшқыш болуға талпынып жүрмін. Әрине, болашақта Қазақстаннан ғарышқа ұшқан тұңғыш қыз болсам деген үлкен арманым бар», – деді Азаматтық авиация академиясының студенті Асолат Сандыбаева.
Елдің ғарышкерлерді дайындау орталықта мамандар сапарға шығып, зерттеу жүргізуге дайындалып жатыр.
Мадина Оқас, Жақсылық Тілепберген,»Алматы» телеарнасы