Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінен босатылды

12.04.2022 14:52
Фото: дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің ахуал орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Данияр Нұрашұлы 1981 жылы 21 қаңтарда Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. 

Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды. 2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды. 2020-2021 жылдары «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы. Соңғы қызметіне 2021 жылдың наурызында тағайындалған еді.

Теги: босатылды