Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты
kznews.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті публицист, белгілі сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
27.11.2026 11:00
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
27.11.2026 10:15
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
27.11.2026 14:00