Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді
Атырау облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі
Ол "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында экстракорпоральды ұрықтандыруға жүгінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырауда 52 жастағы әйел тұңғыш баласын өмірге алып келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атырау облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жүкті әйел сәбиін 19 қаңтарда дүниеге әкелген.
«Бұл жаста өмірге сәби әкелу оңай емес. Біздің пациент бұған дейін көп жыл емделсе де бала көтере алмаған. Содан соң «Аңсаған сәби» жобасымен бөлінген квотаға сәйкес, ЭКҰ арқылы бала көтерген. Облыстық перинаталдық орталықтың білікті дәрігерлері оған 19 қаңтарда ота жасалды. Өмірге салмағы 3 келі 70 грам, бойы 51 см сәби келді. Бұл – оның тұңғыш сәбиі. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06