Электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде
Атырау қаласында жел салдарынан 3 электр бағанасы құлады, деп хабарайды Аlmaty.tv тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 25 маусым күні сағат 21:30 шамасында Гагарин көшесі мен Байтұрсынов көшесі қиылысында қатты желдің әсерінен электр желісіндегі 3 бағана құлаған. Сол себептен аймақтың кей бөлігінде жарық жоқ. Осыған орай жөндеу бригадасы ұйымдастырылып, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз:Елімізде су тасқынынан 18 мыңнан астам баспана бүлінген