«Балаларымды сатамын»: Ақтау тұрғынының хабарландыруы елді шошытты

Онда үш баланың арзан бағада сатылатыны айтылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

OLX.kz сайтының сатылымдар бөлімінде «Ақтауда үш бала сатылады» деген жарнама пайда болды, деп хабарлайды tumba.kz.

Хабарлама ұялы телефоннан 27 мамыр күні, сағат 13:18-де салынған. Бірақ онда көрсетілген нөмір сөндірулі. Ал әлгі хабарландыруды алғаш жергілікті тұрғындардың бірі байқап, сайттың редакциясына хабарласқан. 

Аталған хабарландыруда үш баланың арзан бағада сатылатыны айтылған. Тіпті балалардың суреті де салыныпты. 

Сайт қызмкеткерлері полицейлерге «әлдекім жай қалжыңдамақ болған шығар» деп ақталған. 

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент тұрғыны арнайы қызметтердің жылдамдығын байқап көру мақсатында осы сияқты хабарлама берген болатын. 

Сонда құқық қорғау органдары ақпаратты жылдам тексеріп, ҚР Қылмыстық кодекстің 12-бабы («Адам саудасы») бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген еді. 

Новости партнеров