Маңғыстауда ауылға адасып келген аққу Каспийге жеткізілді

Фото: "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі
Фото: "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы құстардың көктем уақытындағы жай-күйі фототұзаққа түсіп қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда табиғи парк қызметкерлері үйірінен адасқан аққуды теңізге жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің инспекторлары адасып, ауылға келген аққуды Каспий теңізіне жеткізгенін мәлімдеді.

"Сайөтес ауылы маңындағы базалардың біріне үйірінен адасып әлсіреп қалған аққу келіп қонғанын тұрғындардың бірі "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі қызметкерлеріне хабарлады. Мекеменің мемлекеттік инспекторлары аққуды алып, теңізге жеткізді", - деді парк директоры Нұрберген Қаратауов.

Бұдан бөлек, наурызда "Қызылсай" өңірлік табиғи паркіне қарасты "Адамтас" мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында қоқиқаз, аққу, бірқазан, қасқалдақ, үйрек секілді маусымдық құстар ұшып келгені айтылды.

Сондай-ақ парк инспекторлары ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы аңдардың көктем уақытындағы жай-күйі де фототұзаққа түсіп қалғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Сәуірде күн 27 градусқа дейін жылынады

Новости партнеров