Димаштың алғашқы қазақша альбомы жарық көрді

11.06.2020 в 14:45

Бұл жаңалықты әнші өзінің парақшасында жариялады

Димаш Құдайберген өзінің алғашқы қазақша альбомын жинақтауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жаңалықты әнші өзінің парақшасында жариялады.

«Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті», – деді ол.

«Қасымдағы кісіні таныстырмаса да болады. Марқұм Батырхан ағамыздың репертуарындағы "Отан ана", "Сағым дүние", "Қайран көңіл ай" сынды әндері арқылы талғамы биік көрерменнің жүрегін жаулаған, нағыз қазақ композиторларының ұстазы – Қуат ағамызбен студияда жұмыс барысында. Мен Пекинде жүргендіктен Қуат аға екеуміз 3 жыл бойы кездесе алмай, енді ғана кездесудің сәті түсті. Осындай ұлы композитормен жұмыс жасағанның өзі үлкен бақыт қой», – делінген жазбада.