Жолдағы қауіпсіздік: ШААЖ бойында енді жүргіншілер тротуары болады

23.11.2023 14:17

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша іске асырылды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Шығыс айналмалы автожолында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жасалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұзындығы 190 метрлік тротуар Алматы қаласының Медеу ауданындағы ШААЖ бойымен жанармай құю станциясынан аялдама кешеніне дейін жасалды.

Бұрын тротуар болмаған, жаяу жүргіншілер жол бойымен жүретін еді.

 - Мен жақын маңда жұмыс істеймін. Бұл жолмен күнде жүремін. Бұрын  жолдың шетімен жүретінбіз, көліктің астына түсуден қорқатынбыз. Жаңбырлы ауа райында жол тайғақ болатын. Бәрімізге жайсыз еді. Қазір жақсы болды. Жүргіншілерге ыңғайлы, - деді Алматы қаласының тұрғыны Смағұл Маусымбаев.

Жоба Медеу ауданы әкімінің аппаратымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша іске асырылды. Ауданда осы бағдарлама бойынша барлығы 44 жоба қолға алынған. Бүгіде 34-і бойынша жұмыс аяқталды. Қалғандары осы жылдың қараша айының соңына дейін орындалады.

Оқи отырыңыз: Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды