Алматы қаласында 23 қарашада ауа райы нашарлайды. «Қазгидромет» РМК болжауынша 29-30 қараша аралығында қолайсыз ауа-райы болады. Жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, қар жауады, ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жолға мұз қатуы мүмкін. Жүргізушілер өте мұқият болып, арақашықтық, бүйірлік аралықты сақтауы тиіс. Қолайсыз ауа райын ескеріп, жылдамдықты асырмауға, шұғыл бұрылмауға және тежегішті бірден баспауға, жол белгілерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер жолда абайлап жүріп, мүмкіндігінше сақ болуы керек, жүргізуші сізді көріп, өткізіп жібергеніне көз жеткізіп, көлік құралы жауын-шашын кезінде, әсіресе көктайғақта бірден тоқтай алмайтынын есте сақтау қажет.
Аудан әкімдіктерінде жағдайды бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Судың арық арқылы кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін 22 қараша күні таңертең аудан әкімдіктері 42 бригаданың күшімен арық желілері мен өткелдерді тазарту жұмыстарын ұйымдастырды. Жауын-шашын басталғаннан бастап ықтимал су басудың алдын алу үшін 37 кезекші бригада, 168 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа және 524 жұмысшы жұмылдырылады. 1900 қап құм жиналды.
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы көктайғаққа қарсы жұмысқа 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника мен 1240 жұмысшы жұмылдырды. Коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жедел және сапалы жұмыс жүргізуі үшін көлік иелерінен мүмкіндігінше қалада қозғалысты шектей тұруын, машинаны жолдың жиегіне қоймауын сұраймыз.
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Оқи отырыңыз: Мектептердегі орын тапшылығын азайту үшін не істелініп жатыр