Павлодарлық ер адам туу туралы куәлігін неге 40 жасында алды

Сурет: lada.kz
Сурет: lada.kz
Азамат қиын жағдайға тап болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда қырыққа таяған ер адам алғаш рет туу туралы куәлік алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, 2023 жылғы тамыз айында "Бақытты отбасы" орталығына 1987 жылы туған Василий Абадовский жүгінген.

 - Василийдің азаматтығы жоқ, қиын жағдайға тап болған және оған көмек қажет болды. Сондықтан ол балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығына жүгінді, - деп хабарлады мекеме.

Василий Абадовский орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманының көмегімен алғаш рет туу туралы куәлігін алған.

Бүгінгі таңда азаматтықты анықтау және жеке куәлікті ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 2023 жылы қазанда қазақстандықтар қанша күн демалады

Новости партнеров