Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылады

18.11.2020 21:15

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі

web.archive.org

19 қарашада Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазтелерадио" АҚ сілтеме жасап.

Ұлттық оператор хабарлағандай, осы уақыт ішінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

«2020 жылдың 19 қарашасында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Сауалдар бойынша "Қазтелерадио" call-center-іне хабарласуға болады: 193, 7193 и +7(727) 2 581 500.