Коронавирус: Беларусь шетелдіктерге шекарасын жапты

02.11.2020 14:37

Ресми Минск бұл жағдайдың пандемия салдарынан жасалған қадам екенін айтты

Настоящее время

Беларус билігі 1 қарашадан бастап шетел азаматтары үшін шекарасын жапты. Ресми Минск бұл жағдайдың пандемия салдарынан жасалған қадам екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Алайда дипломатиялық паспорты бар азаматтар және Беларуста тұруға рұқсаты бар азаматтар елге кіруге болады. Сонымен қатар, Ресей азаматтарының Беларусқа транзит үшін ғана кіруіне рұқсат берілді. Бұдан бөлек, Минск әуежайы арқылы ұшып өтетіндерге де рұқсат бар.

Бұған дейін Еуропа елдерінен бөлек Беларуста коронавирусқа байланысты карантиндік шектеу шаралары болған жоқ.

Беларус шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, шекараны жабу елдегі наразылық акцияларына қатысы жоқ.