Алматы құрылысшылары әлеуметтік нысандар үшін үй-жай бөлуде

Алматы әкімі Instagram-дағы парақашасында «Dostar» және «Элиф тауэрс» кешендерінде болғаны туралы жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Алмалы ауданындағы жаңа тұрғын кешендерін аралап, қолжетімді әлеуметтік нысандар салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі Instagram-дағы парақашасында «Dostar» және «Элиф тауэрс» кешендерінде болғаны туралы жазды. Құрылысшылар қалалық әлеуметтік нысандар үшін үй-жай бөліпті.

«Біріншісінде белсенді ұзақ өмір сүру орталығын, екіншісінде кітапханасы, түрлі үйірмелері, коворкинг-аймағы және шеберлік-сыныптары бар балаларға арналған дамыту орталығын ашамыз. Әлеуметтік жауапкершілік аясында девелоперлер көрші үйлердің ауласын жөндеп, 100 орынға арналған балабақша салады. Айта кету керек, 108 пәтері бар «Элиф тауэрс» ТК екі қабатты ескі, қаңқалы-қамысты екі үйдің орнына салынды», – деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Айта кету керек, 108 пәтерлі «Элиф тауэрс» ТК қамысты екіқабатты екі үйдің орнына салынды.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында 7-Eleven әлемдік шағын дүкендер жүйесі бойынша құрылған жаңа форматтағы дүкенде де болды. Жоба франчайзинг негізінде жұмыс жасауда.

Б. Сағынтаев жылдық қуаты 86,3 мың тонна өнім шығаруға арналған тазартылған сұйық май мен май шығаратын кәсіпорында болды. Зауытта 1068 адам жұмыс істейді.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

10.06.2020 Алмалы ауданындағы «Dostar» мен «Элиф тауэрс» жаңа тұрғын үй кешендерінде болдым. Құрылыс салушылар қалалық әлеуметтік нысандар үшін үй-жай бөлген. Біріншісінде белсенді ұзақ өмір сүру орталығын, екіншісінде кітапханасы, түрлі үйірмелері, коворкинг-аймағы және шеберлік-сыныптары бар балаларға арналған дамыту орталығын ашамыз. Әлеуметтік жауапкершілік аясында девелоперлер көрші үйлердің ауласын жөндеп, 100 орынға арналған балабақша салады. Айта кету керек, 108 пәтері бар «Элиф тауэрс» ТК екі қабатты ескі қаңқалы-қамысты екі үйдің орнына салынды. —— В Алмалинском районе посетил новые жилые комплексы «Dostar» и «Элиф тауэрс». Застройщики выделили помещения под городские социальные объекты. В первом откроем центр активного долголетия, во втором — детский развивающий центр, с библиотекой, различными кружками, коворкинг-зоной и мастер-классами. В рамках социальной ответственности девелоперы отремонтируют двор соседних домов, а также построят детский сад на 100 мест. Кстати, ЖК «Элиф тауэрс» на 108 квартир построен на участке, где стояли два ветхих каркасно-камышитовых двухэтажных дома.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)


Новости партнеров