Алматыда болған жер сілкінісінен кейін жеке үйлерге сұраныс артты

Almaty TV
Almaty TV

Үйді жалға алудың орташа құны тәулігіне 100 000 теңге болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жекеменшік үйлер мен саяжайларды жалға алуға сұраныс артты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап. 

Krisha.kz сайтының мәліметінше, бұған жақында болған жер сілкінісі сбееп болған.

22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні Алматы мен Алматы облысында жекеменшік жер үйлерді жалға алуға сұраныс күрт өсті. Алайда бұл бағаға әсер еткен жоқ.

- Алматыда үйді жалға алудың орташа құны тәулігіне 100 000 теңге болды. Жалға берілетін үйлердің ішінде қысқа мерзімге алуға сұраныс өсуі. Ал ұзақ мерзімге жалға берілетін (бір ай немесе одан да көп) үйлерге сұраныс көп емес. Бірақ нарықтағы белсенділік екі есеге өсіп отыр. 24 қаңтардағы жағдай бойынша нарықта басқа өзгерістер жоқ, - деп жазады Krisha.kz сайты.

Сарапшылар Алматыда пәтер сатуға немесе сатып алуға ниет білдірушілердің саны өспегенін айтты. Сондай-ақ Астанада да тұрғын үйге сұраныстың өсуі байқалмайды.

- Нарықта дүрбелең жоқ. Бұл күндері жеке секторға деген қызығушылықты түсіндіру өте оңай. Себебі алматылықтар жер сілкінісі мен үрейлі болжамдардан, әсіресе, жалған ақпараттардан қорықты, – деп атап өтті сарапшылар.

Айта кетейік, 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі болды. 23 қаңтар күні түнде болған жер сілкінісінен кейін, Алматы облысында 19 ғимараттан жарықшақ табылды.

Оқи отырыңыз: Алматы маңында бүгін үш рет жер сілкінді

Новости партнеров