Баку қаласының ұлттық мұрағатынан Ахмет Байтұрсынұлының түпнұсқа видеосы табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары 21-28 тамыз аралығында «Ахмет Байтұрсынұлының жазу реформасы: теориясы мен тәжірибесі» (AP13068356) атты мемлекеттік грант зерттеуі бойынша жүргізілген архивтік зерттеу нәтижесінде Баку қаласындағы «Әзербайжан Республикасының Ұлттық архив мекемесінен» көрнектілингвист-ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының және қазақ журналистикасының негізін салушы, ұлттық әліпби мен емле реформаторы, алғашқы ұлттық әліппенің авторы, қазақ ғылымын ұйымдастырушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры, қазақтың алғашқы білім министрі, ақын, философ, мәдениеттанушы, саясаткер, идеолог, педагог, XX ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясын тәрбиелеген ағартушы ғалым, қазақ руханияты тарихындағы аса ірі тұлға, қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының видеосын тапты.
8 минуттық бейнежазбада Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді.
Осыған орай, 2022 жылғы 9 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының есебі тыңдалып, түпнұсқа видео көрсетіледі.
Баспасөз мәслихатына ахметтанушылар, қоғам қайраткерлері, тілтанушылар қатысады.
Спикерлер: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к. Анар Фазылжан, Институт директорының орынбасары, PhD Ермұхамет Маралбек.
Басталуы 10.00-де.
Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласуға болады:
Мадияр Қазыбек +7 708 800 2205
e-mail: madiyararystanbayev@gmail.com