Түрлі жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды
Астанада үш жасар бала 4-қабаттың терезесінен құлады. Оқиға кеше түнде қаладағы көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Түрлі жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ тұрғындарға тағы да ескерту жасады:
«Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз», - деп ескертті ТЖМ.
Оқи отырыңыз: Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап, мерт болды