Боксшы роликті Instagram парақшасында жариялап, отандастарына деген ыстық ықыласын білдірді
Әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғысын білдірді
Қазақстандық боксшы елге деген сүйіспеншілігін білдіретін ролике түсіп, Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңін оқыды.
Боксшы роликті Instagram парақшасында жариялап, отандастарына деген ыстық ықыласын білдірді.
«Қолдау көрсеткен жерлестеріме рахмет! Туған жерімді ешқашан ұмытпаймын», - деп жазды Головкин.
Роликте өлең жолдарын Геннадий Головкинмен бірге балалар, спортшылар, ғалымдар, әскерилер мен ғарышкерлер де оқыды.