Бүгін таңертең Тараз қаласында көпқабатты үйдің бірінде жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша оқиғаға газ құрылғысын дұрыс пайдаланбау себеп болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жарылыстың салдарынан 5 қабатты тұрғын үйдің төменгі 3 қабаты түгелімен опырылып түскен. Соңғы ақпаратқа сәйкес 3 адам қаза тауып алты адам жараланған. 300 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оларға уақытша баспана беріліп, азық-түлік және жылы киіммен қамтамасыз етілген.
«Әзірге бұл үй жабық болады, онда тиісті зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Үйдің қайта қалыпқа келтіруге жарап-жарамайтынын және т.б. тексереміз. Бұған уақыт керек. Жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде әкімдік сіздерге өмір сүруге қажетті барлық жағдайды жасайды», – деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс ҚАСЫМБЕК.