Алматы облысында 14 және 3 жасар қызды көлік қағып, мерт қылды

10.06.2024 14:27

Жол апаты орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады

elements.envato.com

Алматы облысындағы Есік қаласында 14 және 3 жастағы екі қызды көлік қағып кетті. Кәмелет жасына толмаған қыздардың екеуі де оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Жол апаты орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға 8 маусым күні сағат 21:10-да саяжай аумағында орын алған.

Ал Алматы облысы ПД оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын нақты айтты.

«8 маусым күні Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан Mercedes Benz маркалы көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті. Салдарынан кәмелетке толмаған екі қыз бала да сол жерде көз жұмды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп түсіндірді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тұрғындардың пәтерін заңсыз иемденіп келген қылмыстық топ құрықталды