Тұрғындардың пәтерін заңсыз иемденіп келген қылмыстық топ құрықталды

polisia.kz
polisia.kz
Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында алаяқ риелторлар 14 пәтерді заңсыз рәсімдеген, деп хабарлайды Almaty.tv 

Әккілердің әрекетін өңірдің полиция департаменті мамыр айында тоқтатқан. Олар қорқыту, зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ішімдік, есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысып келген. Тергеу барысында қылмыстық топтың белсенді бір мүшесі деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені де анықталған.

– 13 мамырда тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжат тәркіленді. Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды. Олардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр, – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Оқи отырыңыз: Астанада ойын алаңынан бренд сөмке ұрлаған әйел ұсталды

Новости партнеров