|
01.06.2021 | 09:27
3404

Б. Сағынтаев Шарын шатқалындағы селден қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында жазды

Б. Сағынтаев Шарын шатқалындағы селден қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты dalanews.kz

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Балаларды қорғау күні бүлдіршіндердің мүддесі, денсаулығы мен өміріне жауаптылардың бәріне алғысын білдіріп, Шарын шатқалындағы селден қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv

«Балаларды қорғау күні бүлдіршіндердің мүддесі, денсаулығы мен өміріне жауаптылардың бәріне алғыс айтқым келеді. Табиғи апат кезінде оқушыларды құтқарған мұғалім мен бала қайтыс болды. Отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендер тез сауығып кетсін. Балаларды қорғайық», – деп жазды Алматы әкімі.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир