Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында жазды
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Балаларды қорғау күні бүлдіршіндердің мүддесі, денсаулығы мен өміріне жауаптылардың бәріне алғысын білдіріп, Шарын шатқалындағы селден қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv
«Балаларды қорғау күні бүлдіршіндердің мүддесі, денсаулығы мен өміріне жауаптылардың бәріне алғыс айтқым келеді. Табиғи апат кезінде оқушыларды құтқарған мұғалім мен бала қайтыс болды. Отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендер тез сауығып кетсін. Балаларды қорғайық», – деп жазды Алматы әкімі.
Балаларды қорғау күні бүлдіршіндердің мүддесі, денсаулығы мен өміріне жауаптылардың бәріне алғыс айтқым келеді. Табиғи апат кезінде оқушыларды құтқарған мұғалім мен бала қайтыс болды. Отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендер тез сауығып кетсін. Балаларды қорғайық.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) June 1, 2021