3-4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан.
3 маусым сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісіне ұшырау мүмкіндігі бар аталған өңірлерде «Баршаның назарына!» сирена-сөйлеу құрылғыларын іске қосылады. Сондай-ақ адам көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Аталмыш іс-шараға республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері және жергілікті атқарушы органдар қатысады, олар жойқын жер сілкінісі жағдайында іс-қимылдарды пысықтайды.
Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар көрсетілетін болады.
Оқи отырыңыз: Шетелден әкелінген қызанақтардан вирус табылды