|
13.03.2019 | 09:28
1242

Бишімбаев Шымкенттегі колонияда жұмыс істеуден бас тартты

Журналистердің келгенін естіген Бишімбаев камерадан бас тартты

Бишімбаев Шымкенттегі колонияда жұмыс істеуден бас тартты Vlast.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі колонияда жұмыс істеуден бас тартты. Бұл туралы түзету мекемесінің өкілдері айтты, деп хабарлайды astanatv.kz. 

Осыған дейін шенеунік жазасын Леңгер қаласында қауіпсіздік деңгейі максимал колонияда өтеген болатын.

Телеарнаның мәліметінше, сотталушының жазасын өтеп жатқан қазіргі мекемедегі жағдайы басқалардан өзгеше емес. Ол ортақ колонияда, одан бөлек онда біраз сотталушы жазасын өтеп жүр. Бірақ журналистердің келгенін естіген Бишімбаев камерадан бас тартты.

«Бүгінде ол жазасын № 2 жасақта басқа да сотталушылармен өтеп жатыр. Ешқандай артық жағдай жасалған жоқ. Барлығына ортақ негізде өмір сүріп жатыр. Жұмыс істеуге ниет білдірген жоқ», - деді Шымкенттегі түзету мекемесінің басшысы Бағдат Асылбеков.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев 15 ақпанда Шымкентке ауыстырылған болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир