Олар сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражқа салу бойынша күдікке ілінді
Ақмола облысында полиция департаментінің екі бірдей жетекшісі ұсталды. Оларға сеніп берілген мүлікті ысырап ету немесе меншіктегені үшін айып тағылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шенділердің нақты қанша қаржы жымқырғаны белгісіз. Тек облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Садуов пен қаржымен қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Жұмалинаның бұл заңбұзылықшылыққа соңғы бір жыл бойы жүйелі түрде жол беріп келгені белгілі болды. Ішкі қауіпсіздік басқармасы мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық тергеу-жедел тобы бұл істі қолға алды. Оларға қатысты қазір Қылмыстық кодекстің 189 бабына сәйкес іс қозғалды.