|
10.02.2023 | 09:31
561

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді – ҚР Үкімет

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына 4 әуе рейсімен жеткізілмек

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді – ҚР Үкімет primeminister.kz

9 ақпанда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді", – деп жазылған хабарламада.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына 4 әуе рейсімен жеткізілмек.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

көмек
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир