Видеода сарбаз бауырын көріп көзіне жас алған
Тараздағы сарбаз бен оған Алматыдан арнайы келген бауырының видеосы елдің көңілін елжіретті. Видеода сарбаз бауырын көріп көзіне жас алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Борышын өтеп жүрген жігіт ағасын көріп, қуанып оған қарай жүгіріп, құшақтады.
Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әсерге бөленді.
"Қандай керемет, қашанда бауыр керек", "Жаным, қуанған жүрегіңнен", "Әскерде Отан қорғар азамат болсаң да, жақындарың үшін тәтті бала болып қала бересің", "Эмоцияларын көрсете білетін және көз жасын әлсіздік деп санамайтын ерлерді жақсы көремін", "Мен де қосылып жыладым", – деп жазды желі қолданушылар.