Қазақстандық кәсіпкерлер енді банк шотынан қолма-қол ақшаны жаңа талап бойынша алады

13.10.2023 14:49

Жаңа ереже 2023 жылдың 23 қазанында күшіне енеді

pixabay.com

ҚР Ұлттық банкі басқармасының, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алқасының бірлескен қаулысымен және ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алу ережесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ережеге нақтылайтын түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, банк шоттарынан қолма-қол ақша алу екінші деңгейдегі банктерден басқа кәсіпкерлердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сонымен қатар ҚР резиденті емес банктердің бөлімшелеріне берген өтініштері негізінде жүзеге асатыны қосылды.

Банк кәсiпкерлiк субъектiсi банк шотынан қолма-қол ақша алуға өтiнiш берген күннен кейiнгi жұмыс күнi Астана уақыты бойынша сағат 10.00-ден кешiктiрмей мемлекеттiк кiрiс органына құжатты қағаз түрінде немесе электронды түрде жiбередi. Осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарына сай, банк шотынан қолма-қол ақшаны алу мақсаты, ақпарат және құжаттарды мемлекеттік кірістер органына беруге келісім беру, оның ішінде мемлекеттік кірістер органы мен ҚР Ұлттық банкі арасында ақпарат пен құжат алмасу мақсатында банк шотынан қолма-қол ақша алуға өтініш берген кәсіпкер  сәйкестендіру нөмірін және кәсіпкерлік субъектінің уәкілетті өкілінің ЖСН-ін қамтитын өтініш береді. Сонымен қатар күнтізбелік ай ішінде банк шоттарынан 10 000 000 теңгеден астам қолма-қол ақшаны алу сомасы туралы ақпарат нысаны жаңартылды. Бірлескен ережелер мен бұйрық 2023 жылғы 23 қазанда күшіне енеді.

Оқи отырыңыз: Бюджеттен азық-түлікке бөлінетін қаражы қалай жұмсалып жатыр