Атырау облысының Жылыой ауданында 75 орындық аурухана салынып жатыр

Фото: Сергей Бабкин
Фото: Сергей Бабкин
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов аурухана құрылысымен танысып, мердігерлерге сапалы әрі белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеуді тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысының Жылыой ауданында жалпы құны 7175,4 млрд теңгені құрайтын 75 орындық аурухана салынып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласындағы 75 орындық аурухана құрылысына «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасымен 7175,4 млрд теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары биылғы мамырда басталған. Келесі жылы пайдалануға тапсырылмақ. 

Аурухананың негізгі корпусы 55 орынға ыңғайланған. Балалар бөлімшесіне 10, инфекциялық бөлімшеге 10 орын арналған. Мұнда кір жуатын бөлмелер, көлік гаражы, бақылау-тексеру бекеттері, өрт сөндіру жабдықтары, арнайы орындар, 65 текше метр таза су жинайтын цистерна, септик, пациенттер үшін автотұрақ қарастырылған. Құрылыс жұмысына жергілікті тұрғындар тартылған. 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов аурухана құрылысымен танысып, мердігерлерге сапалы әрі белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеуді тапсырды.

Новости партнеров