Бүгін Алматыда генерал-майор Рүстем Қайдаровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Алматыда генерал-майор Рүстем Қайдаровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысқан қала әкімі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының атынан көңіл айту жеделхатын оқып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда әуе апатынан қаза болған «Генералдар кеңесі» РҚБ президиумының төрағасы Рүстем Қайдаровты соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Генерал-майор Рүстем Қайдаров Қазақстанның құқық қорғау жүйесін қалыптастыруда еңбегі зор. Сонымен қатар заң ғылымының дамуына үлес қосып, мемлекетаралық құжаттарды әзірлеуге қатысып, дарынды шәкірттер тәрбиелей білді.

Ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысқан қала әкімі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының атынан көңіл айту жеделхатын оқып берді.

«Рүстем Есімханұлы қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі бола білді. Бұл барша қазақстандықтар үшін орны толмас ауыр қайғы», — деді қала әкімі Б. Сағынтаев.

Кеше кешкісін қала әкімі қаза тапқан алматылықтардың отбасыларына барып, көңіл айтты.


Новости партнеров