Елімізде азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 8,6% өсті

stolica-s.su
stolica-s.su
Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа қымбаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы ақпанға) 8,6% өсті, депхабарлайды ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандаған. 2020 жылғы ақпанда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасының орташа бағасы келісіне 326 теңге (2019 жылғы ақпанда – 243 теңге), сұлы жармасы – 352 теңге(330 теңге), сөк – 373 теңге (254 теңге), күріш 376 теңгені (323 теңге) құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы ақпанда  185 теңгені құраса, 2019 жылдың ақпанында 236 теңге болған еді. 2020 жылғы ақпанда сүт өнімдерінен сүзбенің орташа бағасы  1615 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 1579 теңге), қаймақ – 1121 теңге (1050 теңге), айран – 300 теңге (286 теңге), пастерленген сүт  256 теңгені(239 теңге) құрады.

Новости партнеров