Жергілікті бюджеттен 2024 жылға 1 396 550 мың теңге қаражат бөлінді
2023 жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды іске асыру аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың техникалық құралдарының сапасын арттыру үшін оларды жеке тапсырыс бойынша, мемлекеттік сатып алу арқылы оңалтудың инновациялық техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді.
Сапалы оңалту құралдарын сатып алу мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттілігін ескере отырып, оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар мүгедектігі бар адамдардың өз құқықтарын толық көлемде іске асыру қабілетін қалпына келтіруге, сол арқылы олардың қоғамға кірігуіне ықпал етуге мүмкіндік береді.
2023 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы 1 390 млн теңге сомасына 433 адам оңалтудың инновациялық техникалық құралдарымен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, 150 протез, 200 арба, 76 сөйлеу процессоры және 7 сүйек өткізгіш есту аппараты.
2024 жылы мүгедектігі бар 288 адамды оңалтудың инновациялық техникалық құралдарымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1 396 550 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Осылайша, 208 адамға 804 050 мың теңгенің арбасы берілді, 60 адамның протездік-ортопедиялық құралдарына 472 500 мың теңге жұмсалды, 20 адамның сөйлеу процессоры, сүйек өткізгіштігі бар есту аппаратына 120 000 мың теңге бөлінді.
- Мен мүгедектер арбасына өте риза болдым. Арбаның дизайны өте жоғары деңгейде жасалған, материалдардың сапасы да жақсы. Орындық өте ыңғайлы және жайлы, жұмсақ жастықтары бар, жүріп-тұруға өте ыңғайлы. Арба жеңіл әрі оңай бұрылады, тіпті тар бөлмеде де басқару оңай. Мұндай арбалар өмір сапасын жақсартуға көмектесіп, күнделікті өмірде ыңғайлылық пен жайлылықты қамтамасыз етеді! - деді арнайы жабдық алушылардың бірі Бауыржан Мекенбайұлы.
Ол Алматы әкіміне осы арбаны сатып алуға көмектескені, әсіресе өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті жабдықты таңдауға көмектескені үшін алғысын білдірді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда орташа зейнетақы өсті