Ол ақындарға ұпай беруде өзінің ықпалы жүргенін жасырмады
Айтыс өнерінің «атасы» атанған ақын Жүрсін Ерман шәкірті Жандарбек Бұлғақовқа сұхбат беріп, айтыстағы ел білмейтін құпияны және өзі ұнатпайтын ақындар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
- Менің шашымды ағартқан ақындар - сендерсіңдер, Мақсат Ақанов, Иранғайып. Өздерің бір жолы «айтысқа қатыспаймыз» деп шықтыңдар. «Алтын домбыраға бармаймыз, Жүрсін Ерман отырған жерде әділеттілік болмайды» деп айтты. Енді кеше ғана Мақсат Ақанов «Алтын домбыраны» жеңіп алды, қандай керемет болды?! Қазір жастар жақсы шығып келе жатыр. Бірақ солардың ішінде де мен жақтырмайтын ақындар бар. Арасында теледидарға бір-екі мәрте шығып қалса жұлдыз боп кететін ақындар да жүр. Мысалы, анау Айшолпан Тілеутай деген қыздың айтысын жаратпаймын. Дөрекі сөздермен айтысады. Өзін ұстауы да сондай, айқай-шуға басып. Бірақ халық сұраған соң, амал жоқ, қосамыз. Халыққа не керек, шу керек, шоу керек. Ол бір өзінше шоумен болды, - деді Жүрсін Ерман.
Айтыс жүргізушісі сондай-ақ ақындарға ұпай беруде өзінің ықпалы жүргенін жасырмады.
- Шынын айту керек, мен өзі көңіліме жаққан ақынды хабарлаған кезде дауысымды көтеріңкіреп айтамын. Соны қазылар алқасы түсіне қояды. Жақтырмайтынымды жай дауыспен айта салам. «Иранғайып Күзенбаевтың бағасын беріңдер» десем, төмен болып қалады. Десе де, қазылық етіп отырған адамдар сөзің жілігін шағып, майын ішкен адамдар ғой, өз пікірлері бар. Бірақ, белгілі бір деңгейде ықпалым жүрді, - деді ақын.
Оқи отырыңыз: Күзетші сенің не теңің: Дариға Бадықова жауап қайтарды