Наурыз халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын – Әлихан Смайлов

22.03.2023 14:43
ашық дереккөзден

Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтарға осындай тілегін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен қоғамның қайта жаңаруының мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын.

Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!» – делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың құттықтауында.

Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Қазақстанда 21-23 наурыз күндері аралығында атап өтіледі. Бұл күндер мерекелік демалыс саналады.