|
19.01.2023 | 09:44
394

Қар тазалаушыларға көмектескен кішкентай павлодарлық көпшілікті сүйсіндірді

Күрекпен қар тазалап көмектескен 3 жастағы Адам Бондаренкоға Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов ойыншық сыйлады

Қар тазалаушыларға көмектескен кішкентай павлодарлық көпшілікті сүйсіндірді instagram.com

Әлеуметтік желіде Павлодар қаласының кішкентай тұрғынының күрекпен қарды тазалап жатқан әсерлі видеосы көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Видеода көрсетілгендей коммуналдық қызметкерлерге күрекпен қар тазалап көмектескен 3 жастағы Адам Бондаренкоға Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов ойыншық сыйлады. Бұл туралы әкім өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Бірнеше күн бұрын Instagram әлеуметтік желісіндегі кішкентай қала тұрғынының күрекпен қарды тазалап жатқан әсерлі видеосы жарияланған болатын. Мен де өз кезегімде Адамның ата-анасына ұлына беріп жатқан тәрбиесі үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Еліміздің болашағы осындай еңбекке құштар бүлдіршіндердің қолында екеніне сенімдімін», – деді ол.

Қазақстандықтар желіде баланың еңбекқорлығын ерекше бағалап жазба қалдырды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир