16 облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

16.02.2024 14:45

Көлік жүргізушілеріне ескерту жарияланды

elements.envato.com

16 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «ҚазаАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

  • Абай облысында - 9 учаске (1 243 км);
  • Ақмола облысында - 27 учаске (2 201 км);
  • Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 км);
  • Алматы облысында - 1 учаске (84 км);
  • Атырау облысында - 1 учаске (9 км);
  • Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 км);
  • Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км);
  • Жетісу облысында - 1 учаске (100 км);
  • Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (133 км);
  • Қарағанды облысында - 8 учаске (1 158 км);
  • Қостанай облысында - 11 учаске (1 508 км);
  • Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км);
  • Павлодар облысында - 9 учаске (1 624 км);
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 15 учаске (1 924 км);
  • Түркістан облысында - 2 учаске (283 км);
  • Ұлытау облысында - 3 учаске (543 км).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 бірлік техника және 196 жолшы жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да 30 адам қар құрсауынан құтқарылды