«Атакенттегі» тиіннің тағдыры сәуірде шешіледі

almaty.tv
almaty.tv
Қазіргі уақытта британ суретшісі Манчестерде үлкен шошқаның мүсінін жасап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Атакентте» орналасқан тиын мүсінінің авторы Алекс Ринслер оның тағдыры туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алекс Ринслер тиіннің тағдыры сәуірде шешілетінін айтты.

«Мен сәуірге дейін ешнәрсе айта алмаймын. Сәуірде сәйкесінше шешім қабылданып, ол шешім барлық сұраққа жауап береді деп ойлаймын», - деді ол.

Қазіргі уақытта британ суретшісі Манчестерде үлкен шошқаның мүсінін жасап жатыр. Ол мүсін Қытайдың Жаңа жыл мерекесінің құрметіне орнатылмақшы.  Осыған дейін Алматы қаласының Мәдениет басқармасы тиін мүсінін жаңартатынын мәлімдеген. Тиіннің басқа материалдармен жаңартылуы да мүмкін екені айтылған. Қала әкімдігінің өкілдері автормен қандай материал қолданылатыны және оны қалай өзгертетіні жайлы келіссөздер жүргізілгенін айтқан.

Тиін мүсінін 2018 жылдың жазында жасаған. Оның бағасы 23 миллион тұратыны туралы да ақпарат тараған.

Тиіннің авторы Алекс Ринслер - Ұлыбританияның танымал арт-суретшісі. Ол өзі жасаған жұмыстарына тұрғындарды қатыстыру арқылы қаланың бейнесін өзгерту сияқты талантымен танымал. Оның тағы бір ерекшілігі - жасаған мүсіндерін біраз уақыттан кейін өртейді екен.


Новости партнеров