Зейнетақыны 30-50%-ға көтеру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

www.khaleejtimes.com
www.khaleejtimes.com
Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы 30-50%-ға арттыру туралы шындыққа жанаспайтын және интернет-алаяқтық белгілері бар ақпарат таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды.


Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге кірмеуге, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз.


Ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз.


Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.

Новости партнеров