Шымкентте жүріп бара жатқан көлік өртеніп кетті

12.09.2024 14:49

Өртті сөндіруге екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды

elements.envato.com

11 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында Шымкент қаласы Төлеметов көшесінде Volkswagen Bus көлігі өртке оранып, артынша екінші көлікті соғып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Көпқабатты тұрғын үй кешені маңында Volkswagen Bus көлігі қозғалыс кезінде өртеніп кеткен. Көлік жүргізушісі жағдайды бақылауға ала алмағандықтан, тоқтай алмай, жүріп бара жатқан күйінде көліктен шығып үлгерген.

Отқа оранған Volkswagen көлігі сол сәтте жақын маңдағы Daewoo Gentra маркалы автокөлікке соғылып, нәтижесінде екі көлік те өртеніп кетті. Daewoo Gentra көлігінің артқы бөлігі жанып кеткенімен, абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал Volkswagen толығымен өртенді.

Өртті сөндіруге екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Жол жүріп келе жатып энергетик ішкен жігіт жедел ауруханаға жеткізілді