Жол жүріп келе жатып энергетик ішкен жігіт жедел ауруханаға жеткізілді

ТЖМ
ТЖМ
Оған жіті панкреатит диагнозы қойылып, медициналық көмек көрсетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері саяхатшыға көмекке келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап.

Түн ортасында трассалық медициналық-құтқару пунктіне Алматыдан Қарағандыға келе жатқан автомашина жолаушысының денсаулығы нашарлағаны туралы хабар түсті.

Жедел әрекет ету бригадасының дәрігерлері 1981 жылы туған ер адамның 2 банка энергетикалық сусын ішкенін анықтады.

Соны ішкеннен кейін кенет жағдайы нашарлаған жігітке жіті панкреатит диагнозы қойылып, медициналық көмек көрсетілді.

Содан соң науқас Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді.

«Энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін», - деп ескертеді апаттар медицинасы қызметі.  

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жыл басынан бері 130-дан астам қылмыскер ұсталған

Новости партнеров