Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап.
«Ұйымның Бас хатшысы Станислав Зась 10 күн ішінде ұйым контингенті Қазақстаннан түгелдей кететінін мәлім етті», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, контингенттің жалпы саны - 2,5 мың сарбаз. ҰҚШҰ күштері екі қалада - Алматы мен Нұр-Сұлтанда.