Сара Назарбаева 79 жасқа толды

12.02.2020 14:50

Кейін ел Президенті атанатын «Қарметтің» жас металлургі Нұрсұлтан Назарбаевқа ол 1962 жылы тұрмысқа шыққан

Фото: Официальный сайт первого президента Казахстана

12 ақпан – Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні. Бүгін ол кісі 79 жасқа толды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сара Алпысқызы Назарбаева (қыз кезінде Қонақаева) 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысындағы Қызылжар ауылында туған. 1962 жылы кейін ел президенті атанатын «Қарметтің» жас металлургі Нұрсұлтан Назарбаевқа күйеуге тиген.

Елбасының отбасы үш қыз өсірді: Дариға, Динара және Әлия.

1992 жылдың ақпанында Сара Алпысқызы Назарбаева республикалық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын құрып, оның президенті болған.

1994 жылдың шілдесінде Сара Назарбаева – «SOS – детские деревни Казахстана» қорының президенті болды.

1999 наурызынан бастап «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы.