Қазақ боксшысы KeshYou тобының бұрынғы әншісіне үйленді (ВИДЕО)
Үйлену тойы Нұр-Сұлтан қаласында өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бірінші орта салмақтағы WBC «жастар» чемпионы Садриддин Ахмедов KeshYou тобының бұрынғы әншісі Ақбота Құрманғалиға үйленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үйлену тойы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Қазақ боксшысының таңдауы өткен жылы KeshYou тобына 17 жасында қабылданып, көп ұзамай шығып кеткен Ақбота Құрманғалиға түсіпті.
Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) кәсіпқой боксқа 2018 жылдың сәуірінде келді. Тоғыз жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Кәсіпқой бокста бірінші орта салмақтағы WBC «жастар» чемпионы және WBC Asia белбеулерін алып үлгерді. Ахмедов 26 қыркүйекте рингке оралып, Монреалдағы бокс кешіне қатысады. Келесі қарсыласының аты-жөні әзірге белгісіз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34