31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

f.azh.kz
f.azh.kz
20 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Тарихтағы бұл қаралы күн Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

КСРО республикаларында репрессия 1928 жылдан басталды. Қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларға "ұлтшыл" деген айып тағылды. Салдарынан Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Абдулла Розыбақиев, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ілияс Жансүгіров және тағы басқа зиялылар ату жазасына кесілді.

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады. 20 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, дәрігерлер болды.

Новости партнеров