Алматыда байлар үй салығынан қашып жүр

Алматыда байлар үй салығынан қашып жүр
Олар үкіметке шамамен 34 миллион теңге қарыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының бай-бағландары зәулім үйлерінің салығын төлеуден  жалтарып жүр. Олар үкіметке шамамен 34 миллион теңге қарыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Медеу аудандық  мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, Достық даңғылы, Қыз Жібек көшесі және Көк төбе мен Таулы Қырат шағын аудандарының тұрғындары берешегі миллиондап саналатын қарызгерлердің қатарында тұр. Берешектен қашқан байлардан салықты мәжбүрлі түрде өндіру үшін іс сотқа жөнелтілді. Ведомства берешек апта соңына дейін төленбесе, борышкерлердің аты-жөнін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламақ.

Айта кетейік, 13 тамыздан бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға салық амнистициясы қолға алынды. Оған ілігу үшін халық жыл аяғына дейін негізгі қарызды төлеп үлгеруі керек. Сонда көлік, мүлік және жер салығы бойынша өсімпұлы кешіріледі.

Новости партнеров