Атырауда суға батқан үшінші баланың денесі табылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Оқиға 26 тамызда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда суға батқан үшінші баланың денесі табылды. Қайғылы оқиға кеше кешкісін Береке ауылында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Төтеншеліктер 15-16 жас аралығындағы үш бозбаланы шомылуға рұқсат етілмеген жерде анықтады.

Мамандардың әлі де қауіпсіздік ережелерін бала түгілі, ересектердің елемейтінін айтып отыр. Осындай бейқамдық салдарынан биыл өңірде 13 адам ажал құшқан.

– Төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шараларды ай сайын өткізіп тұрамыз.  Бүгінде бұл жұмыстарға 80 адам жұмылдырылған. Әр қауіпті аймақта арнайы белгілерді де орнаттық. Биыл облыста шомылу маусымы ашылған жоқ. Соған қарамастан, ескертуді елемей, рұқсат етілмеген жерлерде шомылып жататындар көбейді, – деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абланов.

Оқи отырыңыз: Рудныйда көшелердің біріндегі қазылған шұңқырдан бала өлі табылды

Новости партнеров