Қазақстанда 400 мың вейп жойылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Қылмыстық топ қолдан жасалған әдіспен глицерин, никотин және жасанды хош иістендіргіштерден тұратын сұйықтықты өндірген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржылық мониторинг агенттігі соңғы екі айда вейптерді сату мен сақтаудың 25 фактісін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларға тыйым салатын заңнамалық түзетулер күшіне енгеннен бері заңсыз айналымнан шамамен 22 мың электронды құрылғы, сондай-ақ 7 мың хош иістендіргіш пен буландырғыш тәркіленді. Сондай-ақ елордада вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды өндіру, сақтау және сатумен айналысқан ірі астыртын цехтың ұйымдастырушысы ұсталды. Қылмыстық топ қолдан жасалған әдіспен глицерин, никотин және жасанды хош иістендіргіштерден тұратын сұйықтықты өндірген.

– Астыртын цехтың өндірістік қуаттылығы ай сайын 7 мыңнан 10 мыңға дейін электронды құрылғыны құрады. Қолдан жасалған барлық өнім республика бойынша вейпшоптарға таратылып отырған. Сот үкімімен аталған азамат сотталды. Вейптардың барлық партиясы мен өндіріс жабдықтары жойылды. Электронды құрылғыларды шегу барысында бөлінетін буларда 30-дан астам қауіпті заттардың бар екені анықталған, ал қыздырылған кезде бөлінетін канцерогендердің концентрациясы едәуір ұлғаяды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Вейптердің таралуына қарсы күрес аясында қылмыстық істерді тергеу барысында тәркіленген шамамен 400 мың бірлік электрон құрылғылар жойылған.

Оқи отырыңыз: Атырауда үш бала өзеннен өлі табылды

Новости партнеров