|
04.02.2019 | 09:53
1700

Салмағы 29 келі ғана болған қыз кәмпиттің арқасында адам танымастай өзгеріп кетті

Қазір Эннидің салмағы – 45 келі, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданады

Салмағы 29 келі ғана болған қыз кәмпиттің арқасында адам танымастай өзгеріп кетті sputniknews.kz

Англияда тұратын 21 жастағы Энни Уиндли арық болу үшін бес жыл бойы күніне бір мезгіл тамақтанып, ветчина мен нан ғана жеген. Ақыр соңында бойжеткеннің денсаулығы нашарлап, бес рет ауруханаға түседі.


Дене бітімінің сымбатты болып қалғанын қалаған Энни ет пен сүт өнімдерінен бас тартып, күніне бір мезгіл тамақтануға бел буған. Ветчина мен нан ғана жейтін қыздың салмағы небәрі 29 келі ғана болыпты. Алайда көп ұзамай қыздың денсаулығы нашарлап, психологиялық проблемалар басталады, деп хабарлайды Sputnik.

Дәрігерлер, тіпті, жүрек талмасы болуы мүмкін екенін ескерткен, Энни көз алды бұлдырап, қарауытып, төсектен тұра алмай қалатын хәлге жетеді. Ата-анасымен, құрбы-құрдастарымен сөзге келіп, қарым-қатынасы бұзылады. Алайда Энни ап-арық болу үшін жақындарының сөзіне құлақ аспай, райынан қайтпайды.

Бірақ күндердің күнінде бәрі өзгерді: күні бойы шоколад жегісі келіп, әрең шыдаған Энни кешке таман кәмпит жейді. Таңертең ерте өлшеніп, артық салмақ қоспағанын аңғарады. Осыдан кейін қыздың тамақ алдындағы қорқынышы бірте-бірте азайып, бір-екі жылдан кейін дұрыс тамақтана бастаған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир